Ақтөбелік 180 балғын ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын қабыл алды. Мемлекет басшысы атынан ұйымдастырылған мерекелік шараға оқуда озат, өнерде алғыр, спортта алдына жан салмаған сан қырлы белсенді жас өрендер қатысты. Ерекше балалар да ерекше кештің куәсі болды.