Қыс қаһарына мінген шақта қала тұрғындары үшін үйдегі жылу мен ыстық су – негізгі қажеттілік. Ал бұл жайлылықтың артында күн-түн демей еңбек етіп жүрген жандар тұр. Олар – қытымыр қыста шаһарды жылумен қамтып отырған мамандар.
Мысалы, Алтай Ақпанов 15 жылдан астам уақыт энергетика саласында қажырлы еңбек етіп келеді. Еңбек иесімен әріптесім тілдесіп келді.