Өңірде денсаулық сақтау саласында құрылыс қарқынды. Биыл құрылысы басталған 29 медициналық нысанның, жыл ішінде 27-і толығымен аяқталып, қолданысқа берілді. Ал "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында шалғай елді мекендерде 11 құрылысы жобасы іске асты. Соның арқасында ауылдағы ағайын басы ауырып, балтыры сыздаса аудан орталығындағы ауруханаға шапқылап бармайтын болды. Жалпы, аталған салада оң нәтиже көп.