Жаңа жыл қарсаңында мерекелік шаралар легі жалғасуда. Қаладағы қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау орталығының тұрғындары мерекені атап өтті. Көңілді кеште Аяз ата мен Ақшақардан бөлек, құрметті меймандар болды. Орталықпен бірлесе жұмыс істеген еріктілер тобы да шараға белсенді қатысты. Бұл кеште жаңа жылдық сыйлық та, марапат та болды.