Былтырдан бері өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына облыстың 420 мыңнан астам тұрғыны мен 13 мыңнан астам мекеме, кәсіпорын қатысып үлгерген. Нәтижесінде күні бүгінге дейін 117 мың аула, 1 765 әлеуметтік нысан және 342 парк пен сквер тазартылған. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мәселесі қаралды