Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Нәтижесінде үш күн ішінде 97 қылмыс тіркеліп, оның 67-сі жедел түрде ашылды. Шара - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 4 адамды ұстады. Заңсыз айналымнан 6 суық қару және 12 атыс қаруы анықталған.