Қысқы демалыс уақытында аймақ балаларының қауіпсіздігі басты назарға алынбақ. Білім саласының мамандары бұл ретте алдымен ата-аналармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жиі байланысып тұруды мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар, кешкі уақыттарда тәртіп сақшыларымен бірге рейдтік шаралар да жүргізілімек. Бақылау жұмыстары оқушылар қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған.
Айта кетейік, оқушылар үшін биылғы қысқы 10 күндік демалыс бүгіннен басталды, 8 қаңтарға дейін жалғасады.