Аймақ басшысы шаһардағы №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Қазіргі уақытта мұнда психикалық дамуы тежелген 59 бала ем қабылдап жатыр. 


Орталықта шамамен 100-ге жуық маман жұмыс істейді. Балалардың оңалтуы мен дамуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Асхат Шахаров аурухананың бөлімшелерін аралап, балғындармен кездесіп, сыйлықтар үлестірді. 


Әрі оларға тезірек сауығуды және өмірлерінде қуанышты сәттердің көп болуын тіледі.