Сарбаздар чемпиондармен кездесті. 30/238 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан жауынгерлер аралас жекпе шеберлері Сергей Морозов және Дастан Амангелдімен сұхбат құрды. Чемпиондар өздерінің спорттық тәжірибелерімен бөлісіп, сарбаздарға спорттағы қиындықтарды еңсеру, дұрыс жаттығу және тәртіп сақтау жайлы кеңестерін айтты. Өз кезегінде сарбаздар сұрақтарын қойды. Борышын өтеушілердің арасында жас спортшылар да бар.