Жаңа дизайндағы 500 теңгелік банкнот айналымға шықты. «Сақ стилі» сериясындағы кезекті купюра көшпенділер мәдениетінен басталатын еліміздің бірігей мұрасын қамтиды. 


Жаңа купюра 2026 жылдың екінші тоқсанында қолданысқа енгізіледі. Өйткені банкноттарды елдің барлық өңіріне жеткізу және банкомат, терминал сияқты техниканы бейімдеу үшін уақыт қажет,- дейді Ұлттық банк өкілдері. 


Ал ескі үлгідегі банкноттар 2027 жылдың соңына дейін заңды төлем құралы болып қала береді.