Ақтөбе аспанында 20 дрон ұшты. Ұшқышсыз ұшу аппараттары облыс орталығының саябақтары мен скверлерінде профилактикалық ұшулар жасап, орнатылған дауыс күшейткіштер арқылы тұрғындарға алаяқтардан қорғану
ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, бейтаныс адамдармен сөйлесу барысында сақ болу, банк карталарының мәліметтері мен растау кодтарын бермеу, сондай-ақ күмәнді өтініштер бойынша ақша аудармау қажеттігі айтылды. Профилактика азаматтардың жеке және қаржылық қауіпсіздігіне назар аударуға бағытталды.