2025 - табысты әрі тұрақты жыл болды. Республикалық әлеуметтік сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың 85 пайызы жылан жылына осындай баға берген.
Өтіп бара жатқан жыл өңір халқы үшін де жарқын сәттермен есте қалды. Облыс көрсеткіші еселеп артып, жол құрылысы қарқын алды. Инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асып, аймақ экономикасының тамырына қан жүгірді.
Шаһар инфрақұрылымына ерекше мән, қала көркіне сән берілді.