Мемлекеттік қызмет көрсету саласында шикіліктер бар. Аталған салаға жауапты департамент биыл 2000-нан астам заңсыздықты анықтаған. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағылар азаматтардың құқықтарын таптаған жайлар жіті тексеріліп, 577 тұрғынның құқығы қалпына келтірілді. Қай салада кілтипан көп екенін де білдік. Мемлекеттік қызмет көрсетуде жиі заң бұзатындар - медицина мамандары.