Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аймақта балаларға арналған ауқымды шаралар ұйымдастырылып жатыр. Өңірдің 5 оқушысы елордадағы Президент шыршасына қатысса, жүзге жуық балғын қала, аудан әкімдерінің мерекелік кешінде сыйлық алды. Ал бүгін шаһардағы гуманитарлық колледжде ерекше балаларға арналған Жаңа жыл кеші өтті.