Ертең Ақтөбе көшелерінде «Жыл 12 ай» шоуының кейіпкерлері қатысатын мерекелік керуендер өтеді.
Сағат 11:00-ден бастап, тұрғындар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында өнерпаздардан құралған керуендер жүріп өтеді.
Атап айтқанда, сауда орталықтарын, базарлар мен тұрғын үй алаптарын қамтиды. Мерекелік бағдарламаның жоспарын салаға жауаптылар облыс әкімінің төрағалымен өткен аппараттық кеңесінде таныстырды