Қосымша білім беруде ваучер енді ұйымға емес, балаға бекітіледі. Демек үйірме ата-ана мен баланың көңілінен шықпаса, қатысушы өзге орталықты таңдай алады. Қайта кезекке тұру міндетті емес. Осылайша «ақша балаға беріледі» қағидаты сақталады. Оқушы сабаққа қатыспаса мемлекет қаражат төлемейді. Жаңа бірыңғай ваучер жүйесі жан-жақты ойластырылған. Бұл пилоттық жоба. Бүгінде 12 мыңнан астам бала "DARA BALA" платформасында кезекте тұр.