Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай шаһарда акция өтті. Ашық аспан астында өткен көпшілік шарада тәртіп сақшылары қатысушыларға адам өміріне зиян келтіретін есірткі мен алкогольді сусындар жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді. 400-ге жуық көрермен алдында кинологиялық орталықтағы қызметтік иттердің дайындығы көрсетілді.