Тәуелсіздік күні қарсаңында Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада осынау тарихи күннің қадір-қасиетін жастардың санасына сіңіру, ел тарихына деген құрметті арттыру, ұлттық бірлік пен татулықтың маңызын ұғындыру мақсатында патриоттық кеш өтті. Шараға желтоқсан оқиғасының куәгерлері, өңірімізге танымал әдебиет және мәдениет өкілдері қатысып, жас оқырманға тарихи күннің бүгінгі қоғам алдындағы маңызын айтып берді. Қатысушыларға «Рухы биік, болашағы берік ел!» атты кітап көрмесі таныстырылды. Дарынды жастар тәуелсіздік тақырыбындағы патриоттық өлеңдерін оқып, көрерменге рухани серпіліс сыйлады. Шара барысында әуезді патриоттық әндер де шырқалды.