Сотталғандардың жетпіс пайызы жұмыссыз. Бұл түрме ішіндегі тәртіпке де тікелей байланысты болып отыр. Өңірдегі қылмыстық атқару жүйесінде жұмыссыз отырғандардың жайы қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.
Еңбекке жарамды жазасын өтеушілер көп. Алайда жұмыс ұсынушы кәсіпкерлік субъектілердің қатары аз. Айтайық, бүгінгі күні №8 түзету мекемесінде 800 адам жазасын өтеп жатыр.
Оның ішінде еңбекке тартылғандардың саны 300 адамды құрайды.