Экстремизм және лаңкестіктің жолын кесіп, қоғам мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін мүлтіксіз орындауды мақсат еткен "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына биыл 26 жыл. Арнайы тапсырмаларды тыңғылықты орындап, үздіксіз жаттығатын әскерилер айтулы мерекені атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтап, мықтыларды марапаттады.