Шалқарда Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Құрметті теміржолшы Владимир Цехановичті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті.
Спорт додасына еліміздің Түркістан, Ақмола, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарынан келген және өңірлік жас спортшылар қатысты. Боз кілемде 270-ке жуық жас палуан күш сынасты. 15 жасқа дейінгі үміткерлер 2 күн бойы жеңіс үшін барын салып, көрермен алдында өнер көрсетсе, қорытынды кезеңде жеңімпаздар маратталды.
Сондай-ақ, жарыс барысында аудан спортының дамуына елеулі үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа "Алғыс хат" пен "Естелік алқа" табысталды.