Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үш жылдан бері өңірде "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Жоба аясында ауыл-аймаққа оннан астам медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысаны салынды. Аудандағы орталық ауруханалар жаңғыртудан өтіп, енді біріне қосымша құрылыс салу жоспарланды.