Өндіріс орындарында еңбек қауіпсіздігін нығайту, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмысшылардың денсаулығын қорғау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Осы мақсатта шаһарда техникалық инспекторларға арналған көшпелі семинар-тренинг өтті. Оған қала мен аудандардан және бірқатар өңірден келген өндірістік кәсіпорынның мамандары қатысып, өндірісте қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастырудың заманауи талаптарын, жазатайым оқиғалардың алдын алу тетіктерін және тәуекелдерді тиімді басқару тәсілдерін талқылады. Семинар аясында «Халықтық бақылау» жобасының маңызы ерекше аталып өтті.