Өңірде қоғам тыныштығын, азаматтардың қауіпсіздігін отбасы болып күзететін жандар бар. Амангелді-Жанаргүл Ешмұхамбетовтер ішкі істер саласында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ерлі-зайыпты тәртіп сақшылары Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде табысып, ауырпалығы мол, жауапкершілігі зор салада абыройлы еңбек етуде.