Триатлон саябағында Халықаралық йога күніне арналған ерекше шара өтті. Ашық аспан астында өткен спорттық шараның қатысушылары "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" қарттары болды. Оларға арнайы йога нұсқаушысы тыныс алу жаттығуларын көрсетіп, жеңіл қимылдардан тұратын сессия өткізді.