"World Skills Aktobe - 2025" аймақтық чемпионаты өз мәресіне жетті. Байқауға өңірдегі 34 колледждің 300-ге жуық бітіруші түлектері мен кәсіпорындардың жас мамандары қатысты. 


Бүгін "Өнер орталығында" өткен жарыстың жабылу салтанатында құрылыс, медицина, автокөлік жөндеу, дизайн, тігіншілік, мейрамхана ісі, флористика, теміржол тасымалы, мобилография сынды 42 құзыреттілік бойынша көшбасшылар анықталды. 


Айта кетейік, чемпионаттың ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында 50-ден сарапшы тартылды. Жарыс жеңімпаздары дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан бөлек, қараша айында Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan-2025 чемпионатында жолдама алды. 


Ал республикалық кезеңнің жүлдегерлері Данияда өтетін халықаралық жарыста ел намысын қорғайды.