Қалада көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенаты І шақырылымының депутаты Ісләм Медеубаевқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Шара – ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардақты тұлғаның жарқын бейнесін мәңгі есте қалдыру мақсатында ұйымдастырылды. Өйткені Ісләм Медеубаев саналы ғұмырын ел игіліне арнаған ардақты азамат.
Ол жастар саясаты, аймақтық басқару және архив ісі саласында жемісті еңбек етті. Ұзақ жылдар бойы жауапты басшылық қызметтер атқарып, іскер тұлға ретінде таныла білді. Мемориалдық тақта қайраткер тұрған Маресьев көшесі, 86 Д мекенжайындағы тұрғын үйдің қабырғасына орнатылды. Салтанатты шараға өңірге танымал тұлғалар, туыстары мен қала тұрғындары қатысты.