Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында қаладағы 30/238 әскери бөлімінде мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті.

Шара барысында оқушылар бөлім аумағына экскурсия жасады. Оларға әскери техника мен жауынгерлік құрал-жабдықтар таныстырылып, сарбаздардың күнделікті қызметі көрсетілді.

Сондай-ақ, әскери мамандар оқушылармен ашық диалог жүргізіп, қызықтырған сұрақтарына жауап берді.