Жыл басынан бері шаһар аумағында 102 өрт жағдайы тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды. Өрт оқиғалары тұрғын үй секторында жиілей түскен.

Қазіргі уақытта сала мамандары тілсіз жаудың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейте түсті.