Мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «TULGA BOL» жылжымалы жәрмеңкесі биыл да жалғасын тапты. Қ
алалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада құзырлы орган өкілдері жастарға мемлекеттік бағдарламалар, баспана алу, кәсіп бастау мәселелері бойынша ақпарат берді.