Қалада музыкалық колледждер арасында республикалық жас орындаушылар конкурсы басталды. Байқау Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде өтіп жатыр.
Еліміздің әр өңірінен келген жас өнерпаздар бүгін алғашқы турды тәмамдады. Белгілі өнер қайраткерлері мен жұлдыздары қатысушылардың білімі мен шеберліктерін таразылап, бағасын береді.