Өңірде «Мектеп орманшылығы» экологиялық жобасы басталды. Бұл «Таза Қазақстан» республикалық акциясының жалғасы. Ерекшелігі сол - мұнда өскелең жас буын тал-терек отырғызып, оның күтімен айналысады. Қатысушылардың қатарында Әйтеке би, Қобда, Мәртөк және Ойыл аудандарының оқушылары да бар. Шараға жалпы саны 500-ге жуық оқушы қолдау көрсетті. Олар орман шаруашылықтарының аумағында ағаш көшетін отырғызды. Жас экологтар болашақта өңіріміздің жасыл желекке айналуына өз үлесін қоспақ.