Биыл даңқты би, көрнекті тұлға Мөңке Тілеуұлының 350 жылдық мерейтойы өтеді. Осыған орай облыстық кітапханада «Дала данасы-Мөңке би» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Онда ғалым-зерттеушілер Мөңке би өмір сүрген заман мен бидің сол кезеңдегі қайраткерлігін тарихи деректермен ұштастырып, оның мемлекеттігімізді сақтап қалудағы еңбектерін жас ұрпаққа баяндады