Биыл өңірде 806 мың гектар алқапқа егін егіледі. Дала жұмыстарына мың жарым трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1400 сепкіш және сонша бірлік топырақ өңдеу техникасы тартылады. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі қаралды.