Адам өмірге келген сәттен бастап, егде тартқан шаққа дейін киілетін киімнің де өзіндік мәні бар. Дана халқымыз ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қадіріне жете білген. Сондай-ақ, ұрпақтан ұрпаққа тәлім етіп жеткізуді мақсат еткен. Ғұмырға татитын бұл үрдісті қаладағы өнерлі жастар көрерменге қойылым түрінде ұсынды. Музыкалық спектакль "Ғұмырнама" деп аталады.