Үкімет басшысы Олжас Бектенов республикалық штаб отырысын өткізді. Онда еліміздегі су тасқыны кезеңі мен оған дайындық жайы талқыланды. Облыс әкімі Асхат Шахаров баяндама жасап, 160-тан астам іс-шараны іске асыруға жергілікті бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінгенін жеткізді. Сөйтіп өзендердің жағалауы және қорғаныс бөгеттері нығайтылды, арықтар мен каналдар тазартылды. Су бұру каналдары да салынды. Облыс әкімінің айтуынша, елдімекендерден 763 мың текше метрден астам қар шығарылды. Көбі қаладан.