Алға ауданының әкімі қызметіне Асланбек Шүйіншалиев тағайындалды. Ол бұған дейін қаладағы Алматы ауданын басқарған еді. Бүгін Алға аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтіп, облыс әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Марат Тулеуов пен депутаттар қатысты.
Отырыс барысында өңір басшысы Алға ауданы әкімінің лауазымына Шүйіншалиев Асланбек Серікұлын тағайындауға ұсыныс білдірді. Мәслихат депутаттары қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді.
Айтып өтейік, Алғаның жаңа әкімі еңбек жолын дәл осы ауданда қаржы бөлімінің іс-қағаздарын жүргізуші заңгері болып бастаған.