Футбол жанкүйерлеріне сүйінші ақпар. Өңірде сыйымдылығы 35 мың орындық стадион салынады. Қазіргі кезде құжаттары реттеліп жатыр.
Жоспар бойынша құрылыс келер жылы көктемде басталуы мүмкін. Бұл футболдың астанасы атанған Ақтөбе жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық болды.