Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда "Мама" қойылымы сахналанды. Авторы - Шариф Құсайынов, қоюшы режиссері Мейрам Хабибуллин. Спектакль ана мен бала махаббаты, сүйіспеншілік пен мейірім тақырыбын арқау еткен. Баласына бар жылуын берген ана кенет ауыр дертке шалдығады. Сол кезде кім бірінші көмекке келіп, жұбатады? Осы сұрақ төңірегінде өрбіген қойылым көрерменін қалың ойға батырды. Ананың рөлін Майгүл Мұзбаева сомдады.