Ақтөбеліктер әуежайдан Юсуп Батырмұрзаевты ыстық ықыласпен күтіп алды. Еркін күрес палуаны Бішкек қаласында өткен лицензиялық жарысқа қатысып, барлық қарсыласынан басым түскен болатын.

Сәйкесінше 125 келіде олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Бұған дейін Токио олимпиадасына қатысқан палуанымыз Парижде тағы бір рет алтынға ұмтылып көрмек.