"Ақтөбе" футбол клубының басшылығы негізсіз сыйақы алған.

Кредиторлық берешектің болуына қарамастан тоғыз жүз миллион теңгеден астам соманы сыйақы ретінде төлеген. Ал Мұғалжар ауданының әкімдігі баспана кезегіндегілер үшін тұрғын үйді өз бағасынан қымбатқа сатып алған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері брифинг кезінде хабарлады.