Толық адам, еңбек адамы және адал адам. Аталған идеологиялардың бәрі --- "Біртұтас тәрбие бағдарламасында" қарастырылған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының жүргізілу барысы айтылды. Сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру назар тыс қалмаған. "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапхана қоры жергілікті бюджет есебінен былтыр 70 мың көркем әдебиетпен толықтырылған. Сонымен қоса облыста ата-аналарды қолдау орталығы қарқынды жұмыс жасап тұр.