Бүгін елімізде жол полициясы күні. Жол полициясы тек тәртіпті қадағалаушы емес, көлікті қауіпті жүргізіп, өзгелердің өмірімен ойнағандарды құрықтаушы. Сондықтан қызмет кезінде қаза болғандары аз емес. Бүгін жол полициясы ардагерлері қызмет бабында қайтыс болған әріптестерін еске алды. Адал еңбектерін атап, жақындарына марапат табыстады.