Биыл қалада 784 гектар болатын 4 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатында берілген жер телімдері де бос жатса, мемлекет меншігіне өтуі тиіс. Мұндай 11 мың гектар жер учаскесі анықталды. Барлығы 57 учаскеге бөлінгенімен, бірде біреуі кәдеге аспаған. Осы аумақтардың уақытша иелері өз еркімен бас тартып, құжаттарын кері рәсімдеуі тиіс. Ал одан бас тартса, жер ресурстарын басқару департаментіне жолданады.