Қала әкімі қызметіне Азамат Бекет тағайындалды. Облыс басшысы Ералы Тоғжанов оны қала активіне таныстырып, оған бірқатар міндет жүктеді. Айтып өтейік, Азамат Бекет Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.
2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен. Ал екі жыл бұрын қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың ақпан айынан бері Хромтау ауданының әкімі болды.