"Ауыл аманаты" жобасына Қарғалы, Мәртөк, Хромтау және Ойыл аудандарының тұрғындары ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар жүздеген жоба ұсынып, бизнестегі белсенділігімен көзге түсті. Жобалары қолдау тапқандары, 6 жарым миллиард теңгеден өз үлестерін алып, жеке ісін ашты.