"102" қосымшасы арқылы құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болады. Оның көмегімен оқиға орнынан тікелей полицияға бейнеқоңырау шала аласыз. Бұдан бөлек, қандай да бір құқық бұзушылықтың куәсі болсаңыз суретке түсіріп, мамандарға жіберу мүмкіндігіңіз бар. Жыл басынан бері «SOS» қызметіне 400-ге жуық ақтөбелік хабарласып үлгерген. Осылайша қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілі оң нәтижесін көрсетіп жатыр