Облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдады. Тұрғындар тарапынан 20 шақты мәселе көтерілді. Негізінен тұрғын алаптарын газдандыру, су және жылу жүйелерін жаңарту, жол жөндеу бойынша сұрақтар қойылды. Аулаларды абаттандыруға қатысты бірқатар ұсыныс да айтылды. Өз кезегінде өңір басшысы халықты толғандырған мәселелерді назарға алатынын айтты.