Өңірде мұнай өнімдерін заңсыз иемденіп, пайда табумен айналысқан серіктестік анықталды. Мұғалжар ауданына қарасты Батпақкөл ауылынан қаланың өнеркәсіптік аумағына растау құжатынсыз бас-аяғы 16 тоннаға жуық қара алтынды тасымалданған. Осылайша көлеңкелі жолмен ақша тапқысы келген азаматты экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әшкереледі.