«Белсенді қоғам - берік болашақ». Осындай атаумен қалада 12-ші азаматтық форум өтті. Қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту мәселелерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. 


Форум барысында қоғамдық ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысуымен секциялық жұмыс, құқықтық шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды.